Әлеуметтік жауапкершілік
2015 жылы «Құтты мекен – Көксарай»
мәдени-ағарту жобасы ұйымдастырылған
Идея авторы және негізгі ұйымдастырушысы, қаржыландырушысы Жанысбеков Оразхан Кенжеғұлұлы.
Жобаның негізгі жұмыстарын атқарушы және ұйымдастырушыларының бірі Ахмет Әбутәліп Охапұлы.
Жобаның мақсаты Көксарай жазирасының тарихын, этнографиясын зерттеу, Кеңес өкіметінің заманында жабулы қалып зерттелмей қалған тарихи жерлерді зерттеп жаңғырту, қайырымдылық шаралармен айналысу, ағарту жұмыстарын жүргізу.
– «Құтты мекен – Көксарай» мәдени-ағарту жобасының аясында бүгінгі күнге әртүрлі тақырыптарды қозғайтын 2 арнайы үлкен форматтағы альбом, 20 кітаптар мен кітап-альбомдар, 17 кітапша жарыққа шықты.
– Бір неше ғылыми-танымдық конференциялар мен ел ағаларының жиындары ұйымдастырылып, өткізілген.
– Көксарай жазирасындағы және жалпы еліміздің оңтүстігінде орналасқан бірқатар киелі, әулиелі жерлер, мазараттар қамқорлыққа алынған. Оларға әртүрлі жөндеу жұмыстары, абаттандыру мен суару жұмыстары үнемі жүргізіліп отыр. Осы жұмыстарға арнайы жұмысшылар штатқа алынып айлық төленіп келеді.
– Жоба аясында бір қатар мұқтаж азаматтарға үй алып беру, үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету қайырымдылық шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру атқарылып жатыр.
– Көксарай ауылында саябақ салу, көшелерін абаттандыру, жарық жүргізу, суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырып қаржыландыру.
– М.Әуезов атындағы орта мектеп пен Е.Құттыбайұлы атындағы орта мектепте абаттандыру жұмыстары мен оқушыларға арналған ағартушылық және қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастырып қаржыландыру.