Компания туралы
Компания 2001 жылы Алматы қаласында құрылған. БСН 010 140 002 665. Құрылтайшысы және негізін қалаушы – Жанысбеков Оразхан Кенжеғұлұлы.
2023 жылдан бастап Бас директор – Нышанов Қанат Созақбайұлы болып табылады. Компания гидротехникалық, су шаруашылығы, Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыста және инженерлік-қорғау құрылыстарын салуда, тау беткейлерін нығайту бойынша және т.б. мамандандырылған ұйым болып табылады.
Қазіргі уақытта «TOLAGAI-2050» ЖШС әр түрлі күрделілік деңгейіндегі құрылыс саласында қызмет көрсететін жоғары тиімді кәсіпорын болып табылады.
Компанияның Астана, Қостанай, Павлодар, Тараз, Петропавл, Қарағанды, Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда, Ақтау қалаларында өкілдіктері бар.
Компанияның меншігінде арнайы техниканың әртүрлі түрлері бар: – земснарядтар, шынжыр табанды экскаваторлар, тиегіштер, цемент тасығыштар, араластырғыштар, самосвалдар, манипуляторлар, автокрандар – барлығы 70-тен астам арнайы техника, сондай-ақ шағын механикаландыру құралдары.
Алматы қаласында өнімділігі тәулігіне 900 м3 дейінгі өзінің бетон араластырғыш торабы бар. Алматы облысы Іле ауданы М. Түймебаев ауылы, Промзона, 288а жер телімі мекен-жайы бойынша өзінің өндірістік-техникалық базасы бар.
Қазіргі уақытта компанияда орта есеппен 500-ге жуық қызметкер, механизаторлар, жүргізушілер және әртүрлі деңгейдегі мен біліктіліктегі жұмысшылар тұрақты түрде жұмыс істейді. Компания қызметкерлерінің орташа жасы-35-40 жас.